Жаңалықтар

«Күйеуі бар әйелмен жүрген»: Аралдағы полицейдің қазасына қатысты тың дерек шықты

«Күйеуі бар әйелмен жүрген»: Аралдағы полицейдің қазасына қатысты тың дерек шықты

Қызылорда облысына қарасты Арал қаласында қаза тапқан полицей қызметкеріне қатысты күтпеген ақпар шықты, деп хабарлайды Ozgeris.info

Бұл туралы Ozgeris.info редакциясына анонимді оқырман жазды. 

Оқырман мәліметінше, қызметкердің өліміне қызғаныш себеп болған. Марқұм полицей Шижаға атты ауылда тұратын отбасылы әйелмен көңіл жарастырып, еңбек демалысында барып жүрген. Артынша оның бұл әрекетін ауыл әйелінің күйеуі біліп қалып полицейді пышақтап өлтірген. 

Аталмыш мәліметке қатысты әзірге ресми дерек жоқ. Алайда облыстық полиция департаменті тұрмыстық жанжал болғанын растады. 

Айта кетейік, 1988 жылы туған марқұм полицейдің мәйіті үй ауласындағы гараждан табылған. 

 

Барлық жаңалық