Шоу-бизнес

«Қарындасының тойына еріп барған»: Димаштың сүйіктісі кім екені белгілі болды

«Қарындасының тойына еріп барған»: Димаштың сүйіктісі кім екені белгілі болды

Димаш Құдайбергеннің жеке өміріне қатысты болжам әлеуметтік желіде қайта қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Желіде тараған жазбада әншінің 2023 жылғы «Мисс Алматы» байқауының жеңімпазы Натали Петримен бірге жүргені айтылады. Жазба авторының мәліметінше, бойжеткен Димаштың Қарағандыда өткен концертіне де барған.

Бұған дейін де желі қолданушылары Димаш пен Натали Петридің бірге көрінген сәттерін талқылаған еді. Сондай-ақ бойжеткеннің әншінің қарындастарының тойына барғаны айтылған. Осыдан бір жыл бұрын Натали Петри Димаш Құдайбергеннің бейнебаянына да түскен.

Осы жайттарды алға тартқан желі қолданушылары екеуінің арасында жақын қарым-қатынас болуы мүмкін деп болжауда. Алайда әлеуметтік желіде жарияланған кадрлар олардың арасындағы қарым-қатынасты растайтын нақты дәлел емес. Әзірге бұл желі қолданушыларының болжамы күйінде қалып отыр.

Барлық жаңалық