Танымал Ақтөбелік емші Бағдагүл Лепесоваға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Оны "ар-намысымызды қорлады" деген айыппен Динара Сәтжан мен Баян Алагөзова сотқа берген.
Сот үкімі бойынша емшіге 1,5 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.
Бағдагүл соттан кейін тағы да видео жариялады.
"Қазақ елі! Көп болса мен өзімнің айтқан сөзіме айыппұлын төлермін. Ештеңе етпейді. Бірақ ескертіп қояйын, бүкіл халықпен біз бас көтереміз. Сол сөзді мен неге айттым? Қазақ тілін құрметтемегені үшін. Мен қазақи тәрбиемен өскенмін. Біз қысқа кимейміз, арымызбен мықтымыз. Қазақтың әйелдері, қайда кетіп бара жатсыңдар? Қазақтың қыздарына шешінуге болмайды. Қандай ауыр жаза берсеңдер де бере беріңдер. Осындай концерттері үшін қарсы шықтым Баяндарға!", - деді ол.
Динара Сәтжан оның видеоларының біріне "Оны тағы да сот күтіп тұр" деп жазған.