Жаңалықтар

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің құрамын қайта жасақтады

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің құрамын қайта жасақтады

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің жаңа құрамын бекітті,  деп хабарлайды Ozgeris.info

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Нұржан Хажимұратұлы Каджиақбаров Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;

Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Басшысының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;

Геннадий Иванович Зуев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды. 

Барлық жаңалық