Танымал тележүргізуші, әнші сайлаудан кейінгі жеңілісінен кейін алғаш рет ел алдына шықты, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Құрылтай депутаттарын құтықтап, сәттілік тіледі.
"Құрметті халайық, сайлау науқаны өтті. Халық сайлаған құрылтай депутаттары анықталып, ант қабылдады. Мен бәрін көріп отырмын, жаңадан сайланған депутаттарды құттықтаймын. Жұмыстарына сәттілік тілеймін. Ел игілігіне қызмет етеді деп сенім білдіріп, үміт артамын. Берген анттарыңызға берік болыңыздар! Ақ жол сіздерге!, - деді ол.
Оқырмандар оның бұл видеосына түрлі пікір қалдырған.
"Шықсам ба, шықпасам ба деп 1 апта ойланған ба", "Антты өлтіріп беретін едіңіз бірақ", "Ашулы ғой", "Мен бәрін көріп отырмын" деп неге айттыңыз?", "Ақсақ қой түстен кейін маңырайды", "Ренжіп тұр ғой", "Сенсіз де әртістер жетеді ол жақта", - деді ол.