Шоу-бизнес

“Жарығым сөнді”: Нұрлан Өнербаеав қайғыдан қан жұтты

“Жарығым сөнді”: Нұрлан Өнербаеав қайғыдан қан жұтты

Қазақстандық танымал әнші Нұрлан Өнербаев әлеуметтік желідегі парақшасында қаралы хабар жариялап, анасының дүниеден озғанын жеткізді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты sn.kz-ке сілтеп.

Өнер иесі жүрек тебірентерлік жазбасында анасына деген сағынышы мен қимастық сезімін білдіріп, қайғысын оқырмандарымен бөлісті.

«Жалғандағы жарығым сөнді. Анам 100 жасайды деуші едім, Алланың есебі басқа екен ғой. Амал нешік. Алдың жарық болсыншы, анашым», – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары мен өнердегі әріптестері Нұрлан Өнербаевқа көңіл айтып, марқұмның иманды болуын тілеп, отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл білдірді.

Қаралы хабарды естіген көпшілік әншінің отбасына сабыр мен күш-қуат тілеп, жылы лебіздерін жаудырып жатыр.

Барлық жаңалық