Ербаян Мұхтардың әкесі Хамит Мұхтар видеоүндеу жолдап, жұртты жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды, деп жазады ozgeris.info сайты Alash.kz сілтеп.
Orda.kz таратқан мәліметке сәйкес, қазір Ербаянның отбасы Астанадағы мәйітхананың алдында жиналып тұр. Олар Ербаянның денесін алуға келген. Хамит Мұхтардың сөзінше, әзірге марқұмның мәйіті ашылмаған.
Оның айтуынша, отбасы қазіргі уақытта прокуратурадан тиісті құжаттарды күтіп отыр. Құжаттар дайын болғаннан кейін ғана Ербаянның денесін мәйітханадан алып шығу мүмкін болады.
Ербаян Мұхтардың әкесі әлеуметтік желілерде тарап жатқан түрлі мәліметтерге сенбеуге шақырып, ресми әрі нақты ақпаратты отбасы өзі хабарлайтынын жеткізді.