Жаңалықтар

"Ағамыздың түріне не болған": Иманғали Тасмағамбетовтің қазіргі келбеті талқыға түсті

"Ағамыздың түріне не болған": Иманғали Тасмағамбетовтің қазіргі келбеті талқыға түсті

Дәстүрлі күйші Әлия Қарамұхан Атырауға жасаған сапары барысында мемлекет және қоғам қайраткері Иманғали Тасмағамбетовпен бірге түскен суретін жариялап, ерекше әсерімен бөлісті, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Өнер иесі бұл сапардың өзі үшін айрықша мәнге ие болғанын айтып, жазбасында Иманғали Тасмағамбетовке алғысын білдірді.

«Алғаш рет Хал-Жарық ағамен бірге сапарлас болудың өзі біз үшін үлкен мәртебе, зор абырой. Осындай үлкен жауапкершілігі мол істі сеніп тапсырған ағама алғысымыз шексіз. Сенімге селкеу түсірмей, лайық болуды нәсіп етсін», – деп жазды ол.

Сондай-ақ күйші Атырау сапарында Иманғали Тасмағамбетовтің алдында күй орындап, ақ батасын алғанын өміріндегі ұмытылмас сәттердің бірі ретінде бағалады.

«Иманғали ағамыздың алдында күй тарту бақыты бұйырып, көкеміздің ақ батасын алып, мәз-мейрам болып тұрған сәтте «Әр күніміз – тарих» деген осы екен-ау. Алла осындай бақытты, осындай сәттерді ұзақынан сүйіндіргей», – деді Әлия Қарамұхан.

Желі қолданушылары да жазба астында Иманғали Тасмағамбетовке қатысты жылы лебіздерін жаудырды. Пікір қалдырғандардың бірі: «Елге жасаған жақсылығыңыз алдыңыздан шықсын, аға» деп жазса, енді бірі: «Иманғали Нұрғалиұлы, аман-есен жүріңіз», «Мықты әкім, мықты күйші» деген тілектерін білдірген. Сонымен қатар, кейбір қолданушылар оның сыртқы келбетіне қатысты пікір қалдырған: «Қартайыпты ғой», «Ағамыздың түріне не болған», деді олар.

Барлық жаңалық