Шоу-бизнес

«Өзіңді күт, сен бізге керексің»: Димаш Құдайберген сахнада жатып қалды

«Өзіңді күт, сен бізге керексің»: Димаш Құдайберген сахнада жатып қалды

Димаш Құдайбергеннің сахнада жатқан сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Жазба авторының айтуынша, әнші төрт сағат бойы жанды дауыста ән айтқаннан кейін қатты шаршап, сахнаға жатып қалған, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Желі қолданушылары әншіге алаңдап, пікір қалдырған. Бірі: «Өзіңді күт, бізге керексің. Біз сені мақтан тұтамыз», – деп жазса, енді бірі: «Димаш, өзіңді күт. Сен бізде жалғызсың, сенсіз қайтеміз?», – деген.

Тағы бір пікірде: «32 сағат операция жасаған хирургтар есіме түсіп кетті. Олар да операция біткен соң осылай жатып еді», – делінген. Ал кейбірі әншінің халық үшін өнер көрсететінін айтып, оған амандық тілеген.

Жазбада видеодағы жағдайдың қай концертте және қашан болғаны нақтыланбаған.

Барлық жаңалық