Ақын, психолог Айнұр Тұрсынбаева ұлы мен келінінің үйіне қонаққа барып, олардың 400 мың теңгеге сатып алған картинасын сынға алды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған видеосында айтты.
«Бүгін Мадина мен Бегланға қонаққа келдім. Мадина дәмді етіп балық дайындап қойыпты. Бірақ мына жерде мен түсінбейтін бір нәрсе болып тұр. Мына картинаны 400 мың теңгеге сатып алыпты. Қараңыздаршы, мен мұны тегін-ақ салып беремін ғой. Ортадан бір сызық сыза салған. Мынау не пәле? Өрескел! Мынау қап-қара кір ғой. Қай жерден тау көріп тұрсың? Бұл менің екі алып жүргенде сурет сабағында салған тауларым ғой. Беглан, біртүрлісің. Жалғыз мен бе өнерді түсінбейтін?» – деді Айнұр Тұрсынбаева.
