Актер Дархан Мұсаев бұрынғы жұбайы Дариға Бадықованың «Соңыра» фильміне барып, туындыға баға берді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Ол жеке парақшасында фильмнен алған әсерімен бөлісті.
«Құрметті достар, “Соңыра” фильмін көріп шықтым. Өрт сөндіруші, құтқарушы болып қызмет ететін әпкелеріміз бен қарындастарымыз, аға-бауырларымыз аман болсын! Барлығының мәртебесі бір көтеріліп қалған шығар деп ойлаймын. Өйткені фильмде олардың өзге адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтап қалу үшін бастарын қатерге тігетіні керемет жеткізілген. Бір қысқа, жұмыр оқиғаны ұзаққа созып жіберген сияқты. Динамика жоқ. Ал актерлік құрам өте мықты», – деді актер.
Желі қолданушылары да актердің әрекетіне түрлі пікір қалдырды.
«Енді Дариғадан видео күтеміз», «Шын ниетпен барсаңыз, жарайсыз», «Әлі де жақсы көретін сияқты», «Бұл да жырлап қоймайды екен», «Өз киносы қашан шығады?» – деп жазды көпшілік.