Мөлдір Мұқан өзінің жаңалықтарымен бөлісіп, бұрынғы күйеуі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Ол жаңалықтың бәрі әлеуметтік желіде екенін жасырмады.
"Не жаңалық айтайын мен? Жаңалықтың бәрін әлеуметтік желі шығарып беріп жатыр емес пе. Сол жаңа әндер жазып жатырмын. Негізі кино түсіргім келеді, жақсы сценарий іздеп жүрмін, идея бар бірақ кіріскен жоқпын. Екінші қызым өнерге бет бұрды. Айымға продюсермін. Қолдауға дайынмын. Ал Тұрсынбек деген кісіні танымаймын. Маған ол тақырып мүлде қызық емес. Ешкімге ештеңе дәледегім келмейді. Ән айту өзімнің арманым, гештальт десем де болады. Әндерім хит, өзім жұлдыз болайын демеймін, жай жан қалауыммен айтамын. Тұрсынбек туралы бір рет сұхбатымда айттым, сол жетті деп ойлаймын. Енді ол туралы айтқым келмейді. Өтірік бәрі жақсы деп айтудан шаршап бәрі тоятындай сұхбат бергенмін", деді Мөлдір Мұқан.