Ақмола облысы Щучинск қаласында монша өртеніп, екі адамды күйік шалды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
ТЖД мәліметінше, өрт 60 шаршы метр аумақты қамтыған.
Өрт сөндірушілер келгенге дейін ғимараттан екі адам өздігінен шығып үлгерген.
66 және 39 жастағы екі ер адам түрлі дәрежедегі күйік алып, дәрігерлерге тапсырылды.
«Өрттің алдын ала себебі – жылыту пешін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу», - дейді құтқарушылар.