Алматыда із-түзсіз жоғалған екі ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
1985 жылы туған Мұрат Кенжетайұлы Байтуов 17 қарашада жоғалып кеткен. Ол сол күні таңертең Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласындағы «Ветеран-10» саяжай бірлестігі, Набережная көшесі, 77-үйден шығып, қайта оралмаған.
Төрт күннен кейін, 21 қарашада ер адамның мәйіті табылды. Оның өлімінің нақты себебі тергеу барысында анықталмақ.
Ал 1971 жылы туған Қалдыбай Сейсекұлы Берінбетов 2025 жылғы 8 қарашада хабарсыз кеткен. Ол таңғы сағат 10:00 шамасында Алматы қаласының Алатау ауданындағы Өскемен көшесі, 7-үйден шығып, содан бері іздеуде болған.
Еріктілердің хабарлауынша, бір жылдан астам уақыт іздестірілген ер адамның мәйіті биыл 20 қарашада табылған.
Қазіргі уақытта екі жағдайдың да мән-жайы анықталып жатыр.