Ақын Мөлдір Айтбай әнші Өмірқұл Айниязовпен татуласқанын айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Өмірқұл Айниязовқа "13-қабырғам" өлеңін жазып берген ақын әншіге ренішін білдірден еді. Кейін Астанада өткен шығармашылық кешінде татуласқанын айтты.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: «Бір жілік етінің ақшасын сұрады»: Танымал ақын Өмірқұл Айниязовқа ренішін білдірді
"Өмірқұл ағамен татуластық. Бір жылқы мінгізді, үйіне шайға шақырды. Ішімнен өсекші, өкпешіл Мөлдір шығып кетіп қызық болды. Адам негізі бағаланғанды қалайды. Маған сол: сен күшті өлең жазып бердің деп арқамнан қақпады. Соған ренжідім, бірақ артынан айтты. Сөйтіп өкпем тарқады", деді ол.