Шоу-бизнес

«Міне, керемет румтур»: Азамат Сатыбалды төрт қабатты зәулім үйін көрсетті

«Міне, керемет румтур»: Азамат Сатыбалды төрт қабатты зәулім үйін көрсетті

Танымал актер Азамат Сатыбалды актер Еркебұлан Тоқтарды үйіне қонаққа шақырып, төрт қабатты зәулім үйін көрсетті, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Айтуынша, бұл үйді 28 жасында өз күшімен салған.

“Бұл үйді 28 жасымда өзім салдым. 30 жасымда көшіп кірдім. Содан бері осында тұрамын, ештеңесін өзгертпедім. Ол кезде тәжірибеміз жоқ, қызығып, қабаттарын көбейте бергенбіз. Сөйтіп, төрт қабатты үй болып шықты. Жалпы аумағы – 580 шаршы метр”, – деді актер.

Актердің үйіне жасаған шолуы желі қолданушыларының қызығушылығын тудырды. Көпшілік зәулім баспананың сән-салтанатына назар аударып, өнер иесінің отбасыға деген құрметі мен ұстанымын да жоғары бағалады.

«Өзгертпеңіз, үйіңіз керемет», «Бұл кісіні жеткілікті бағаламаппын. Білімді, еңбекқор азамат екен»,«Папа-мамамның киімін иіскеймін дегенде көзімнен жас бұрқ ете қалды», «Басқа қырынан таныдым», «Міне, көруге тұрарлық үй»,– деп жазды оқырмандар.

 

Барлық жаңалық