Қазақстанда мобильді интернет тарифтері әлемдік орташа көрсеткіштен үш есе төмен. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді,деп хабарлайды Ozgeris.info.
Министрдің айтуынша, қараша айындағы рейтинг бойынша Қазақстан мобильді интернеті ең жылдам 55 елдің ішінде тарифтердің қолжетімділігі жағынан жетінші орында тұр.
Елде мобильді байланыстың орташа айлық тарифі шамамен 10 доллар болса, әлемдік орташа көрсеткіш 27 долларды құрайды.
Сонымен қатар интернет-трафик көлемі жыл сайын артып келеді. Осыған байланысты байланыс жылдамдығын арттырып, 5G желісін кеңейту үшін операторлар инфрақұрылымға инвестиция салуы қажет.
Жаслан Мәдиевтің сөзінше, бұл ретте тарифтердің халыққа қолжетімді болуы мен байланыс саласының инвесторлар үшін тартымдылығын қатар сақтау маңызды.