Қоғам

«Каспий бізді екіге бөлді»: Бекет Қуандық марқұм сарбаздардың ата-анасына барды

«Каспий бізді екіге бөлді»: Бекет Қуандық марқұм сарбаздардың ата-анасына барды

Каспийдегі қайғылы жағдайдан аман қалған сарбаз Бекет Қуандық жеке парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Ол марқұм қаруластарының ата-анасына барған. 

«Бүгін Орал қаласында қаза болған қарулас бауырларымның отбасыларына барып, рухтарына құран бағыштап, жақындарымен жүздестім. 
Өздері арамызда болмаса да, олардың ерлігі мен есімі мәңгі жүрегімізде сақталады. Біз ұмытпаймыз, ұмыттырмаймыз!
«Бүгін сендерсіз 2 ай уақыт өтіпті…». Батырлар өлмейді. Олардың ерлігі – кейінгі ұрпаққа өнеге. Каспий бізді екіге бөлгенімен, тағдыр мен бауырластықтың байланысын үзе алмады. «Достарымның анасы – менің де анам, әкесі – менің де әкем, бауырлары – менің де бауырларым», деп жазды желі қолданушылары. 

Барлық жаңалық