Шоу-бизнес

«Ажырасқан деп шеттетеді»: Ақбота Керімбекова өнердегі әріптестеріне өкпесін айтты

«Ажырасқан деп шеттетеді»: Ақбота Керімбекова өнердегі әріптестеріне өкпесін айтты

Әнші Ақбота Керімбекова өнердегі әріптестеріне өкпесін айтып, қазіргі шоу-бизнестегі қарым-қатынасты сынға алды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Бұл туралы ол журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында айтты. 

«Алғашқы сахнада жүрген сәттерді сағынамын. Шүйіркелесіп, ырду-дырду болып отырғың келеді. Қазір бәрі өзім сияқты емес. Кісі болып, шіреніп қалғандар да бар. Өкінішке қарай, қазір бөле-жару көп. Әдемі, сұмдық киінетіндер бір бөлек араласады. Әңгімелері де киім, сырға, бренд туралы. Қарапайымдары бөлек жүреді. Көп жерде өтірік араласу, өтірік күлу көбейіп кетті. Соған қарным ашады. «Қой, ол ажырасқан ғой» деп бөлетіндер де бар. Сырттан түрлі мәліметтер келіп жатады», – деді әнші.

Барлық жаңалық