Жаңалықтар

Ақтөбеде дәрігер жол апатынан көз жұмып, баласы өзіне қол жұмсады

Ақтөбеде дәрігер жол апатынан көз жұмып, баласы өзіне қол жұмсады

Ақтөбе облысында Мұғалжар аудандық ауруханасының дәрігері Назгүл Мұратқызы Қантөренова жол апатынан қаза тапты. Сол күні оның баласы да қайтыс болған, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 23 қарашада Қандыағаш – Шалқар тасжолының Жұрын кенті маңында болған. Renault автокөлігін басқарған әйел жүргізуші рөлге ие бола алмай, жол жиегіне шығып кеткен. Салдарынан көлік аударылып, жүргізуші оқиға орнында жан тапсырған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы дәрігердің сол уақытта еңбек демалысында болғанын хабарлады.

Мұғалжар аудандық ауруханасының ұжымы марқұмның отбасына көңіл айтып, оның кәсіби біліктілігі мен адамгершілік қасиеттерін атап өтті.

Алайда марқұм дәрігердің ұлы Расул Бақтыбайдың өлімі жол апатымен байланысты емес. Қайғылы оқиғадан кейін оның анасының қазасына байланысты өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарады. Полиция жігіттің өліміне қатысты суицид дерегін растаған.

Барлық жаңалық