💰 Экономика

Павлодар облысында құны 515 млн теңгеден асатын су нысандары мемлекетке қайтарылды

Павлодар облысында құны 515 млн теңгеден асатын су нысандары мемлекетке қайтарылды

Екібастұз қаласының прокуратурасы мемлекеттік су шаруашылығы нысандарын сенімгерлік басқаруға беру кезінде заң бұзушылықтарды анықтады,деп хабарлайды Ozgeris.info.

Тексеру барысында сорғы станциялары мен құбырлардың уәкілетті мемлекеттік органдармен келісілмей, заң талаптарын бұза отырып, жеке басқарушыға берілгені белгілі болды. Нысандар коммерциялық мақсатта пайдаланылғанымен, мемлекет одан тиесілі таза кіріс алмаған.

Прокуратураның ұсынуымен сенімгерлік басқару шарттары бұзылып, жалпы құны 515 млн теңгеден асатын су шаруашылығы құрылыстары мемлекеттік меншікке қайтарылды.

Алдағы уақытта бұл нысандар қайтадан конкурсқа шығарылады. Жаңа шарт бойынша оларды пайдаланудан түсетін таза кіріс бес жыл бойы мемлекеттік бюджетке аударылуға тиіс.

Осылайша, прокуратураның араласуынан кейін құны 515 млн теңгеден асатын мүлік мемлекетке қайтарылып, бюджетке қосымша кіріс түсіруге мүмкіндік жасалды.

Барлық жаңалық