Шоу-бизнес

«Мән-жайды түсінбей қаралап жатыр»: Ерке Есмахан өзін сынаған дизайнерге жауап берді

«Мән-жайды түсінбей қаралап жатыр»: Ерке Есмахан өзін сынаған дизайнерге жауап берді

Танымал әнші Ерке Есмахан дизайнер Ханым Айдаштың мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Бұған дейін дизайнер әншінің образ жасауға негіз болған автордың есімін атамағанына өкпесін білдірген еді.

Өнер иесі Instagram парақшасында бұл жағдайға қатысты түсініктеме беріп, Мадина Ералиеваның архивтегі бейнесін пайдаланғанын айтты.

«Бұл жерде сұхбат беріп тұрған дизайнер ханымның әңгімесін тыңдап болып, біраз ойландым. Қандай идеямен қандай көйлек киіп едім? Қай жерде рақмет айтпай қалдым? Кімнің еңбегін бағаламай қойдым деп. Сөйтсем, дизайнер ханым бейнебаяндағы Мадина апамның сонау жылдары киген көйлегі мен шляпасының авторы екен. Менің орындауымдағы «Наз» әніне айтылатын сын әлі күнге дейін таусылар емес. Әніне, сөзіне, орындалуына, бейнебаянына, енді, міне, тіпті көйлекке де тиісуде. Мен бұл әнді кішкентай кезімнен орындаймын. Уақыт өте келе үлкен сахнада шырқап, естелікке бейнебаян түсірдім. Бұл – менің Мадина апамызға және қазақ өнеріне деген құрметім. Бірақ Ерке Есмахан деген аттың эффектісі қаттырақ болып тұр. Енді дизайнер ханымға: «Кейлегіңізді қайта тіктіріп, киіп тұрған Ерке Есмахан емес, ол Мадина апамыздың архивтен алынған бейнесі» деп түсіндіретін жанынан бір жақсы адам табылса, нұр үстіне нұр болар еді», – деді әнші.

Сондай-ақ ол дизайнерге реніш білдірмейтінін айтып, халықты мән-жайды түсінбей өзін қараламауға шақырды.

Барлық жаңалық