Жаңалықтар

Алматы – Өскемен тасжолында жүк көлігі өртеніп, 38 жылқы жанып кете жаздады

Алматы – Өскемен тасжолында жүк көлігі өртеніп, 38 жылқы жанып кете жаздады

Жетісу облысында Күршімнен Шымкентке бара жатқан жүк көлігі отқа оранып, 38 жылқы өртеніп кете жаздады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Оқиға 24 қараша күні таңертең Алматы – Өскемен тасжолының 175-шақырымында болған. Патрульдік полиция қызметкерлері қозғалыс кезінде отқа оранған Volvo жүк көлігін байқап, жүргізушіге көмек көрсету үшін тоқтаған.

Полицейлер өрт сөндірушілерді күтпестен, жүк көлігіндегі жылқыларды қауіпсіз жерге шығаруға кіріскен. Нәтижесінде тәртіп сақшыларының жедел әрекетінің арқасында жүк көлігіндегі жылқылардың барлығы аман қалған.
 
Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. 38 жылқының барлығы құтқарылды. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Барлық жаңалық