Threads желісіндегі қолданушы Кешью тобының бұрынғы мүшесі Аида Смағұлованы отбасылы ер адаммен көңіл қосқан деп айыптады. Оның жазбасын желі қолданушылары қызу талқылап жатыр, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Жазба авторының сөзінше, күйеуінің опасыздығы туралы білгеннен кейін оның көңілдесі Аида Смағұлова екенін анықтаған.
«6 маусым күні менің өмірім “дейін” және “кейін” болып екіге бөлінді. Күйеуімнің көзіме шөп салғанын білдім. Кейін белгілі болғандай, ол қыз – Кешью тобының бұрынғы мүшесі Аида Смағұлова екен. Продюсерлер қараңыздаршы, кімді тәрбиелеп, қолдап жүрсіздер. Әлеуметтік жауапкершілігі төмен әйел. Ол ер адамның отбасы барын, 3 және 5 жастағы екі баласы барын біле тұра, онымен романтикалық қарым-қатынас бастап, төсегін бөлісті», – деп жазды автор.
Кейін ол күйеуін де кінәлайтынын, алайда отбасының бұзылуына үшінші адамның да жауапкершілігі бар деп санайтынын айтты.
«Еш күмәнсіз, ең алдымен кінәлі – менің күйеуім. Ол өз әрекеті үшін міндетті түрде жауап береді. Бірақ осындай әйелдер бар кезде қоғамымыз іштен іриді. Оның бәріне дайын болғанының кесірінен менің екі балам толық емес отбасында өседі. Бұл тек оған ғана емес, өзгенің шаңырағын шайқалтатын барлық әйелдерге қатысты. Олар да ересек адамдар және өз іс-әрекеттері үшін жауап беруі тиіс. Жағдайға екінші тараптың көзімен де қарап көріңіздер», – деді ол.
Әзірге Аида Смағұлова аталған айыптауларға қатысты пікір білдірген жоқ.