🌐 Әлем

Жерімізді бергіміз келсе, мұны 2022 жылы-ақ жасар едік - Зеленский

Жерімізді бергіміз келсе, мұны 2022 жылы-ақ жасар едік - Зеленский

Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен келіссөздер барысында ел аумағына қатысты қандай да бір ымыраға келу мүмкіндігі туралы пікір білдірді,деп хабарлайды Ozgeris.info.

Мемлекет басшысы бұл туралы «Ниеттестер коалициясы» отырысынан кейін журналистермен кездесуде айтты.

«Егер біз жерімізді агрессорға бергіміз келсе, мұны 2022 жылы-ақ көрсетер едік. Алайда еліміздің өз үйлерін, жерін, отбасыларын, ең бастысы, тәуелсіздігі мен бостандығын қорғауға дайын екенін дәлелдедік. Соғыс жылдарында бұл ұстанымымызды талай рет көрсеттік және одан бас тартпаймыз. Әрине, қиын болады, тіпті алдағы қыс ең ауыр кезең болуы мүмкін», – деді Зеленский.

Оның айтуынша, аумақ мәселесін бейбіт келісімнің жай ғана техникалық бөлігі ретінде қарастыруға болмайды. Бұл – Украина үшін егемендік, қауіпсіздік және мемлекеттің болашағына қатысты мәселе.

Сондықтан кез келген ымыралы шешім украин халқының ұстанымын ескеруі керек.

Барлық жаңалық