Жаңалықтар

«Рельстің үстінде отырған»: Ақмола облысында жүк пойызы ер адамды қағып кетті

«Рельстің үстінде отырған»: Ақмола облысында жүк пойызы ер адамды қағып кетті

Ақмола облысында жүк пойызы теміржол үстінде отырған ер адамды қағып кетті. Ер адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Қайғылы жағдай 19 қарашада Шортанды мен Дамса ауылдарының арасында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, машинист рельстің үстінде отырған адамды 300 метр қашықтықтан байқап, шұғыл тежеу қолданған. Алайда ауыр салмақты пойызды дер кезінде тоқтату мүмкін болмаған.

Марқұмның Шортанды ауылының тұрғыны екені анықталды. Оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.

 

Барлық жаңалық