Әнші Роза Әлқожа өзінің директоры Әділ Өтемісовпен бірге шетелде қыдырып жүр, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Саяхаттан суреттерді әнші жеке парақшасынды бөлісті.
"Бір апта байланыссыз аймаққа кеттік. Өзіңе демалыс жариялағанда тек ұйықтай бергенге ұялады екенсің. Екі күннен соң аралай бастадық.
Қаңтар, ақпан айында ем алдым, одан бері тоқтамай 8 айдан астам жұмыс істеппіз. Сенбі, жексенбі деген болмаған, жай жату жоғынан.
Көлік те тозады ғой, “көрмеген жерге бара берейік” деп шештік. Бас көтермей жегіліп жүріп, жұмыр жердің айналып жатқанын ұмытып кететін пенде деген елденбіз да е!", деп жазды ол.
Осыдан кейін желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.
"Жолдасыңыз бармады ма демалысқа", "Әділ кім болады сізге? Айдын қайда?", "Жанындағы байы ма", "Айдын қайда", "Күшті демалыс болсын, демалып тұру керек", "Ақпарат рас болсы, ұят екен", "Сіздер де анандай емессіздер ме", деді көпшілік әншінің жеке өміріне қатысты сұрақтарын жаудырып.