Жаңалықтар

Қарсы бетке шыққан көлік үш адамның өмірін қиды: Алматы облысындағы сұмдық апат

Қарсы бетке шыққан көлік үш адамның өмірін қиды: Алматы облысындағы сұмдық апат

Алматы-Шелек-Қорғас тасжолының 132-шақырымында қайғылы оқиға тіркеліп үш адам ажал құшты. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек "Haval" маркалы темір тұлпардың жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп "Audi 100" көлігімен қатты соқтығысқан, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Сұмдық соққының салдарынан "Audi" тізгініндегі азамат пен оның қасындағы екі жолаушы оқиға орнында тіл тартпай кетті. Осы дерек бойынша құзырлы органдар қылмыстық іс қозғап тиісті тергеу амалдарын бастады. Жол ережесін бұзып апатқа себепкер болған "Haval" жүргізушісі бірден қамауға алынды.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары қайғылы жағдайдың барлық мән-жайын мұқият тексеріп жатыр. Бұл тергеу барысын полиция департаментінің басшылығы тікелей өз бақылауына алды.

Барлық жаңалық