Қоғам

Ербаян Мұхтардың туыстары мен полиция арасындағы жанжал неден туындады

Ербаян Мұхтардың туыстары мен полиция арасындағы жанжал неден туындады

Астана қалалық полиция департаменті Ербаян Мұхтардың туыстары мен полицейдің арасындағы жанжал қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ozgeris.info.

Бұған дейін әлеуметтік желіде қызметтік көлікті жібермей тұрған адамдардың видеосы тарады. Сол кезде марқұм Ербаян Мұхтардың туыстары мен бір полицейдің арасында жанжал туындаған.
Қалалық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, полиция қызметкерлері марқұм Ербаян Мұхтардың денесін сот-медициналық сараптама орталығына тасымалдауды ұйымдастыру үшін келген. Сараптаманы өлімнің нақты себебін анықтау үшін өткізеді.

"Қызметтік міндетін орындау үшін келген полицейлер қарсылыққа тап болды, күш қолдану әрекеттері де болған", - делінген ресми хабарламада.

Қазіргі кезде қызметтік тергеу басталды. Соның аясында жанжалға қатысқан адамдардың, соның ішінде видеодағы полицейдің әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Барлық жаңалық