Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы атанып кеткен Айман Instagram парақшасында танысының өмірден өткенін айтып, әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Айман алғашқы сторисінде: «Кеше жан досымның анасы өмірден өтті. Алла алдынан жарылқасын. Сонда қызметтемеміз», – деп жазды.
Ал екінші жазбасында марқұмның өмір жолын еске алды.
«Апа Алланың берген біраз жасын жасады. Жақсы өмір сүрді. 6 қызы мен күйеу балалары аяғын жерге тигізбей құрмет көрсетті. Немере-шөбере-шөпшек сүйді. Альхамдулиллях! 100-дің 90-ын жасады, оны қазақта той дейді. Бәріне, бізге де рақметін айтып, батасын беріп, разы екенін айтып алдын ала бәрін тапсырып мәңгі бақилық болды. Бәрімізге сондай қайырлы ғұмыр берсін. Артық білгіштен жазбай-ақ қойыңдар. Ненің не екенін білетін жастамын», – деп жазды.