Сұхбат
Жас педагог Мәулен Алсай: Оқушыларым – менің ұстаздарым!
Қазіргі заман мұғалімі қандай? Оқушылардың сабаққа деген ынтасын қалай арттыруға болады? Осы және өзге де сұрақтарға жас маман, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мәулен Алсай жауап берді.
– Мәулен мырза, бұл мамандықты таңдауыңызға не түрткі болды?
– Осыдан екі жарым жыл бұрын мойныма үлкен жүкті артып алғанымды түсінген жоқпын. Мектепте қырық жыл қызмет еткен атам жайлы әңгімелерді, күйбең тірліктен кеш босап, түннің ортасына дейін көз майын тауысып, сабағына дайындалатын анамды, басы қосылса “мектепті” сөз қылатын туыстарымды естіп, көріп өссем де мұғалімдіктің соншалықты соқпағы ауыр да күрделі екенін білмеген екенмін. Санап қарасам, әулетімізде 20 шақты мұғалім бар. Бәлкім, ең алдымен, туған-туыстарымның өз мамандығына деген ерекше ықыласы әсер еткен болар. Бүгінде өз мамандығыммен мақтанамын!
– Осы аз уақыттың ішінде не түйдіңіз? Педагог болудың қиындығы неде екен?
– Әр оқушының жүрегінен орын алу, көңілінен шығу оңай емес. Бүгінгі Z ұрпақ бұрынғы бағдарлама бойынша әзірленген сабаққа қызықпайды. Олардың ынтасын ашу үшін жаңа әдістерді ойлап табуыңыз керек. Бір әдісті бірнеше рет қолдана алмайтыныңыз тағы бар. Оқушыларға ойын технологиясын қолданған тиімді әсер етеді. Жалпы мұғалімдіктің шығармашылықты, жан-жақтылықты, ұшқырлықты қажет ететінін түсіндім. Сондай-ақ бала жанын түсіну үшін психолог болуыңыз маңызды. Мысалы, кез келген сыныпта көбіне соңғы партада отыратын, сабақ оқығысы келмейтін, тапсырманы орындауға құлқы жоқ,көп сөйлемейтін оқушылар болады. Еститіні - ұрыс, жазасы - төмен баға. Былайша дұрыс сияқты. Бірақ, тәрбиелеу – ұрысу мен жазалау емес. Бұл тек мұғалімнің жауапкершіліктен қашуы. Сыртқа шығарып сөйлемегенмен, сол оқушының ішінде үлкен арманның сайрап жатқанын біле бермейтініміз өкінішті.
– Өзіңіз сабақ барысында қандай-әдістерді қолданасыз?
– Жаңа сабақты түсіндіргенде әр ракурстан талдатуға тырысамын. Сыни эссе жазғызуды әдетке айналдырдым. Бұдан бөлек, қолдап-қолпаштау, ойын ойнату секілді түрлі әдісті қолданамын. Инновациялық технологиялармен жұмыс істеймін.
– Жаңа ғасыр мұғалімдеріне қандай кеңес бересіз?
– Оқушыларым – менің ұстаздарым! Олардан көп дүниені үйреніп жатырмын. Барша мұғалімге шәкірттеріңіздің ішкі жан дүниесін түсініп, тыңдай біліңіз деп айтқым келеді. Әріптестерімнің «Оның әр сабағы – ашық сабақ» дейтін дәрежеге жеткенін қалаймын. Ізденуден жалықпаңыздар!
– Әңгімеңізге рақмет! Сәттілік тілейміз!
-
Жамбыл облысында колледжен 16 жастағы студенттің денесі табылды12:43, 10 қараша 2025
-
Мемлекет басшысы Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасарын қабылдады12:41, 10 қараша 2025
-
-
Дастан Сәтпаевтың құны 3 миллион еуроға жетті11:08, 10 қараша 2025
-
Ақмола облысында екі жаттықтырушы жарыс кезінде төбелесті10:49, 10 қараша 2025
-
Ресми: Елена Рыбакина әлемнің бесінші ракеткасы атанды10:45, 10 қараша 2025
-
Тұрсынбек Қабатов тоқалы барын мойындады10:06, 10 қараша 2025
-
"Ұятты жерінің бәрі көрінді": Тойда билеген әйел жұрттан оңбай сөз естіді (ВИДЕО)09:36, 10 қараша 2025
-
-
-
Қарақат Әбілдина «Қыдырәлінің жас қызбен сүйіскен» видеосына ашық мәлімдеме жасады15:10, 09 қараша 2025
-
Астанадағы апат: екі фельдшер ауыр жарақат алды13:28, 09 қараша 2025
-
Атырау әуежайында жарылғыш зат туралы жалған ақпарат берген ер адам ұсталды14:20, 09 қараша 2025
-
Ақ үйдегі кездесу: Тоқаев пен Трамп жаңа серіктестік дәуірін бастады16:30, 09 қараша 2025
-
Қазақстан құрамасы Бангкокта 40 медаль жеңіп алып, тарих жазды17:25, 09 қараша 2025
-
Тұрсынбек Қабатов тоқалы барын мойындады10:06, 10 қараша 2025
-
-
"Ұятты жерінің бәрі көрінді": Тойда билеген әйел жұрттан оңбай сөз естіді (ВИДЕО)09:36, 10 қараша 2025
-
-
-
«Иманы саламат болсын»: Мұхтар Шаханов қара жамылды19:46, 05 қараша 2025
-
"Қызылорданың қызы": Қабатовтың тоқалы туралы тың дерек шықты15:02, 03 қараша 2025
-
Мөлдір Мұқанова ажырасқандарын енесі қалай қабылдағанын айтты (ВИДЕО)12:06, 03 қараша 2025
-
"Осы әйел үшін отбасын ойран етті": Тұрсынбектің жас "тоқалының" жүзі жария болды (ФОТО)09:01, 03 қараша 2025
-
-
"Небір сұмпайы тірліктер жасады": Мөлдірдің әпкесі күйеу баласы туралы жазды (ВИДЕО)11:11, 04 қараша 2025
-
"Балалаларыммен біргемін": Тұрсынбек Қабатов Мөлдірдің сұхбатын жоққа шығарды12:35, 03 қараша 2025
-
"Алған жақсы жары ол-мен": Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы жазба жариялады10:38, 03 қараша 2025
-
"Қасынан бір елі қалмайды": Тұрсынбек Қабатовтың жас тоқалының видеосы тарады (ВИДЕО)14:57, 05 қараша 2025
-
-
"Қызымның ұстайтын жері қалмапты": Сәкеннің құдағиы ренішін айтты (ФОТО)10:18, 16 қазан 2025
-
-
-
-
Аида Балаева қаралы хабар айтты15:04, 20 қазан 2025
-
-
-
"Жасанды сұлулық иесі": Қоғам белсендісі Динара Сәтжанды оңдырмай сынады13:02, 14 қазан 2025
-
«Иманы саламат болсын»: Мұхтар Шаханов қара жамылды19:46, 05 қараша 2025
-