Атышулы Бағдагүл сынықшы өзіне келген оқырман хатымен бөлісіп, ренішін жеткізді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Бұл туралы ол жеке парақшасында жазды.
"Білмеймін, әрбір жексенбі халықтың алғысын тындаймын. Ойбай, жақсы болып кеттім деп жатқан халық жүргізбей жатсыздар! Мен ешкімді зорлықпен ем жасап жатқаным жоқ! 10 мың теңге енді, Астанадағы адам қарау орталығының арендасын қалай төлеуім керек? Ұнамаса, неге келесіңдер? Талдың түбінде отырып, далада қарамайтын шығармын. Штраф салып тағы басты қатырасыңдар? Мен тіпті ақша ұстамаймын да! Кіре берісте көмекші қабылдап алады. Өтірікті де шамалы келістірсеңіз болады ғой. Жағдайы ауыр кісілерге, ағайын тума, бауырлар, жерлестер, тумалар, достар, құда-жекжат бір тиын алмай тегін қараймыз.? Біреуді атағына, байлығына қарап емдеп жатқан жоқпыз", деп ашуланды ол.
Белгілі болғандай емделуші сынықшының ақша алатын айтып, айып таққан.
