Шоу-бизнес

"Өлігін көметін жердің ақшасын төлеу керек": Айгүл Иманбаева сұмдық ақпар айтты

"Өлігін көметін жердің ақшасын төлеу керек": Айгүл Иманбаева сұмдық ақпар айтты

Қазақстандық әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі парақшасында Еуропа мен Америка елдеріндегі зираттарды пайдалану тәртібі туралы жазба жариялады.

Өнер иесінің айтуынша, аталған елдерде жер ресурсы шектеулі болғандықтан, зираттағы орындар жалға беріледі.

«Еуропа мен Америка елдерінде жер ресурсы өте қатты үнемделеді. Сол себепті ол жақта адам қайтыс болғанда, зират орны жалға беріледі. Егер уақыты аяқталғанда туыстары жалдау ақысын қайта төлеп, келісімшартты ұзартпаса, заң бойынша ол жерге келесі адамды жерлейді», – деп жазды Айгүл Иманбаева.

Сондай-ақ ол мұндай тәжірибе қазақстандықтардың дүниетанымына тосын көрінуі мүмкін екенін атап өтті.

«Біздің менталитетке мүлдем жат көрінгенімен, бұл – Батыс елдеріндегі қалыпты заңдылық», – деді әнші.

Барлық жаңалық