Астана қаласында маңызды қоғамдық жобаның тұсауы кесілді. "Жаңа адамдар" және "Дала Қырандары" қозғалыстары бірігіп "Адал азамат" мектебін ашты. Жаңа жоба болашақ көшбасшылар мен мықты сарапшыларды тәрбиелеуді көздеп отыр. Таныстырылымға бұқаралық ақпарат құралдары, жастар ұйымдары, спорт федерациялары мен клубтарының өкілдері қатысты. Сондай-ақ еліміздің әр аймағынан келген белсенді жастар бас қосты, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Жаңа бағдарламаның басты қағидаты "Мәселе менде" деп аталады. Мұнда адам тәрбиеленетін нысан емес, жеке дамитын тұлға ретінде бағаланады. Оқу орнының жұмысы меритократия, ашық диалог, жеке жауапкершілік және жасампаз патриотизм негізінде құрылған. Бағдарламаға қатысу толықтай тегін. Үміткерлерді іріктеу кезінде ұйымға мүше болу талап етілмейді. Ең бастысы үміткердің нақты тәжірибесі мен талпынысы есепке алынады.
"Жаңа адамдар" қозғалысының негізін қалаушы Асель Баденова бастаманың маңызына тоқталды.
"Бүгінде Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктер мен азаматтық бастамалардың өкілдерінен құралған белсенді жастар қауымдастығы қалыптасты. Ендігі қадам осы әлеуетті біріктіріп, түрлі саладағы реформаларды жүзеге асыра алатын жас көшбасшыларды даярлау. Сондықтан Жаңа адамдар және Дала Қырандары Қозғалыстары жас көшбасшыларды, сарапшыларды даярлайтын Адал азамат мектебін іске қосады".