Саяси элитаның жаңа буыны қалыптаспақ: Астанада "Адал азамат" мектебі ашылғандығы жарияланды
Астана қаласында маңызды қоғамдық жобаның тұсауы кесілді. "Жаңа адамдар" және "Дала Қырандары" қозғалыстары бірігіп "Адал азамат" мектебін ашты. Бұл алаң "Әділет" партиясының кадрлық резервін жасақтайды. Жаңа жоба болашақ көшбасшылар мен мықты сарапшыларды тәрбиелеуді көздеп отыр. Таныстырылымға бұқаралық ақпарат құралдары, жастар ұйымдары, спорт федерациялары мен клубтарының өкілдері қатысты. Сондай-ақ еліміздің әр аймағынан келген белсенді жастар бас қосты.
19:44, 24 шілде 2026