Каспий теңізінде магнитудасы 3,2 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Әзербайжан Республикасының Сейсмологиялық қызмет республикалық орталығының Жер сілкіністерін зерттеу бюросының мәліметінше, жерасты дүмпулері 26 шілде күні жергілікті уақытпен сағат 03:04-те тіркелген.
Жер сілкінісінің ошағы 20 шақырым тереңдікте орналасқан.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат жарияланған жоқ.