Бірнеше жыл бұрын өзіде келін атанып, оң босағаны екінші рет аттаған Динара Сәтжан қуанышты жаңалығымен бөлісті. Ол өзінің жалғыз ұлын үйлендіріп, ене атанбақ, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Проюдсер болашақ келініне сырға тақты.
«Қуанышты бөліссең, көбейеді деген сөз бар қазақта. Менің де сіздерге айтар сүйінші жаңалығым бар. Бүгін болашақ келінімізге сырға салдық. Мен Айнұрды @rashitainura_ 4 жылдан бері танимын. Даниал әскерге кеткенде, Айнұр екеуіміз бірге барып жүрдік.
Сол кезде ұлымның жар таңдауда қателеспегеніне риза болдым. Айнұр тек сүйген жары ғана емес, ұлымның артындағы сенімді тыл болатынына көзім жетті», - деді Динара Сәтжан.
Алайда көпшіліктің көзі Динарамен бірге келген күйеулеріне түсті.
"Екі байы бірге жүр ме ұлының тойында?", "2 байы да бірге жүр", "Өңшең ығай мен сығайлар ма?", "байлардың тойы басқаша ғой", - деп жазды оқырмандар.