Шоу-бизнес

"Колхоз, ауылбайсыңдар!": Тұрсынбектің қызы Айару қазақтарға тіл тигізді (ВИДЕО)

 "Колхоз, ауылбайсыңдар!": Тұрсынбектің қызы Айару қазақтарға тіл тигізді (ВИДЕО)

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы Айару желіде қатаң сынға ұшырады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Ол тікелей эфирде өзіне хейт жазғандарды "ауылдан шыққан", "колхоз" деп кемсіткен.

 "Маған хейт жазатын адамдардың барлығы ауылдан екеніне сенімдімін. Өмірде ешқандай жетістікке жетпеген. Ал мен өзімнің 14 жасымда күшті билей аламын, коньки тебе аламын, футболды жақсы ойнай аламын. Сендердің қолдарыңнан келе ме? Жоқ. Сендер өздеріңді ауылдан шыққандай ұстайсыңдар. Колхоз деп айтуға да болады", - деді ол. 

 Желі қолданушылары Айарудың бұл сөздеріне ашуланып, жаппай сынап тастады.

"Билеу, футбол ойнау қашаннан бері жетістік болып кеткен?", "Мөлдір қайда қарап отыр?", "Кешірім сұрасын!", "Ауылдан өз әкесі де, анасы да шықты ғой", "Небір дарындылар ауылдан шығып жатыр", "Не айтып отыр?", "Сұмдық қой", - деп жазды оқырмандар.

 

Барлық жаңалық