Әнші Ерке Есмахан жұртшылыққа жаңа туындысын паш етті, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Ол алдымен өнердегі және өмірдегі жүріп өткен жолына көз тастады.
"Инстаграм пайда болып, сіздер менің әнші ғана емес, ауылдан шыққан қарапайым қыз екенімді, таза қазақша сөйлейтін, әдемі көйлектерді, эстетиканы, қалжыңды, күтім мен нәзіктікті, шүкіршілікті жақсы көретінімді, менің әлемімнің бөлек екенін білдіңіздер", - деді ол.
Еркек өзінің ажырасқанын және қайта күйеуге шыққанын есіне алды.
"Сонау кезеңнен сіздер менің тұрмысқа шыққанымды, ана атанғанымды, ажырасқанымды, жалғызбасты ана болып ұлымды өз күшіммен өсірген кездерімнің де куәсісіздер. Мен ешқашан қиындықтарымды жариялап, мұңымды көрсетпедім. Бірақ сол кездегі сынақтардың бәрінен мені алып шыққан – бойымдағы қайсарлық, мойымау, үмітімді үзбеу және Аллаға деген сенім болды. Кейін өмір маған ең үлкен сыйын берді. Жеке өмірімді де, өнер жолымды да Алла ең көркем түрде реттеді. Соңғы жылдары сахнадан түсіп, үйдің жылуына ендім. Перзентханаға 2 рет барып келдім. Әрине, арасында күйеуіммен дуэт айттым", - деп жазды әнші.
Сөз соңында Ерке Есмахан өзінің "Дауыс" атты альбомын шығарды. Ол 9 ән жазғанын және 9 бейнебаян түсіргенін сүйіншіледі. Сондай-ақ мұның артында жас күйеуі Раймның тұрғанын жасырмай, оған алғыс айтта кетті.