Танымал әнші Жазира Байырбекова ұлы мен келінін бөлек шығаруды ойлап жүргенін айтып, оқырмандарынан кеңес сұрады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Өнер иесі жалғыз ұлы мен келінін жеке шаңыраққа шығару туралы ойлағанда көңілі босап кететінін жасырмады.
«Сепарация» сөзінің қазақша баламасы бар ма? Қазбегім мен Асекемді бөлек жіберейік дегенді өзім ойлап, өзімнің көңілім түсіп кетеді. Олардың ойында ондай нәрсе жоқ. Бір ғана ұл болған соң ба, қазақы отбасынан шыққан соң ба, көпшілікке үйренген соң ба, “шығарғанымыз дұрыс-ау” деп ойласам, өзім жылап қалам. Осы жөнінде ойларыңыз қандай?»,– деп жазды ол.
Желі қолданушылары әншінің жазбасына қызу пікірлерін білдірді.
«Жалғыз ұлды қай атаң бөлек шығарған? Бірге тұрсын, келінді баулу керек», «Үнемі гастрольде, тойларда жүресіздер. Айналдырған екі бала, бірге тұрған дұрыс қой. Дараға да бас-көз болады», «Жалғыз баланы бөлек шығару үлкен қателік болады. Келін ене тәрбиесін көру керек», – деп жазды оқырмандар.