Шоу-бизнес

“Бұл дүниемен қоштасты”: Бадықованың экс күйеуі қара жамылды

“Бұл дүниемен қоштасты”: Бадықованың экс күйеуі қара жамылды

Қазақстандық актер Дархан Мұсаев әлеуметтік желідегі парақшасында әкесінің өмірден өткенін хабарлап, жүрек тебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды Оzgeris.info сайты. 

Өнер иесі бұл күннің өміріндегі ең ауыр сәттердің бірі болғанын айтып, әкесіне деген сағынышы мен қимастық сезімін жеткізді.

«Әкем бұл дүниемен қоштасты. Бұл қасіретті сөзді жазудың өзі қандай ауыр екенін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Артымнан тірек болған, ақылын айтып, дұғасымен қорғап болған асқар тауымнан айырылдым. Алланың жазуына разымыз. “Расында, біз Аллаға тәнбіз әрі Оған қайтушымыз”», – деп жазды Дархан Мұсаев.

Сондай-ақ актер көпшіліктен әкесінің рухына дұға бағыштауды сұрап, марқұмға арнаған ақ тілегін жеткізді.

«Баршаңыздан әкемнің рухына дұға жасауларыңызды сұраймын. Алла Тағала күнәларын кешіріп, қабірін кең етіп, нұрға бөлесін. Жәннаттың ең жоғары дәрежелерінен орын нәсіп етсін. Әке, Алла сізді рақымына бөлесін. Сізді ешқашан ұмытпаймыз», – деді ол.

Желі қолданушылары актердің жазбасына көңіл айтып, марқұмның иманды болуын тілеген пікірлерін қалдыруда.

Барлық жаңалық