Қоғам

Павлодардағы дүлей дауыл бір адамның өмірін жалмады

Павлодардағы дүлей дауыл бір адамның өмірін жалмады

Павлодар облысында 2025 жылғы 19 маусымда соққан дүлей дауылдың салдарынан зардап шеккендер саны 16 адамға жетті. Жарақат алғандардың арасында балалар да бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Куәгерлер мен мамандардың айтуынша, дауыл кезінде желдің екпіні секундына 43 метрге дейін күшейген. Бұл аймақ үшін рекордтық көрсеткіштердің бірі саналады.

  • Павлодар қаласында – 47 нысанның шатыры зақымдалған, олардың ішінде 6 әлеуметтік мекеме бар (мектептер, балабақшалар, ауруханалар).
  • Ақсу мен Екібастұзда – 23 нысан зақымданған.
  • Ауылдық аудандарда – кемінде 7 нысанға зақым келгені анықталған.

Сонымен қатар, Май және Павлодар аудандарында ғимараттардың зақымдануы тіркелді.

Дауыл салдарынан бірнеше елді мекенде электр энергиясы мен байланыс желілері үзілді. Қазіргі уақытта Ақсу қаласында және Баянауыл ауданында электр қуатының өшуі тіркеліп отыр. Қазіргі таңда энергетик мамандар 16 электр бағанасын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оған 300-ден астам маман мен 103 техника бірлігі жұмылдырылған.

Барлық жаңалық