Белгілі өнер өкілі Біржан Хасанғалиев жеке парақшасында әкесін сағынышпен еске алып, көпшілікті толқытқан жазба қалдырды. Ол уақыт алға жылжығанымен, әке орны ешқашан толмайтынын айтып, жүрек түбіндегі сезімін жеткізді, деп хабарлайды ozgeris.info.
Желі қолданушылары да өнер иесіне қолдау білдіріп, жылы пікірлерін жаудырды. Жазбада ол өмірдің өткіншілігі мен адам жанының күйін терең сипаттайтын өлең жолдарын бөліскен.
"Тура 5 жыл өтіпті.
Уақыт өтеді,
Ай, күн қалады.
Бақыт кетеді,
Қайғым қалады.
Адам өледі,
Ажал қалады.
Мəңгі тіршілік
Мазамды алады...", – деп бөлісті ол.