Қоғам

Қазақстан мен ИКАО авиациялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстан мен ИКАО авиациялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстан Республикасының Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Астанада өтіп жатқан ИКАО-ның авиациялық қауіпсіздік апталығы аясында Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) Бас хатшысы Хуан Карлос Саласармен кездесті, деп хабарлайды Ozgeris.info.

20–22 қазан аралығында өтіп жатқан ICAO Security Week 2026 іс-шарасы аясындағы кездесуде Қазақстан мен ИКАО арасындағы ынтымақтастық, авиациялық қауіпсіздікті нығайту және азаматтық авиация саласын дамыту мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында Нұрлан Сауранбаев Қазақстанда азаматтық авиацияны дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Атап айтқанда, 2028 жылға дейінгі үш жылдық жоспар шеңберінде әуе бағыттарының желісін кеңейту, әуежайларды жаңғырту, әуе кемелері паркін жаңарту және авиация саласына қажетті мамандарды даярлау жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар ИКАО сарапшыларының қолдауымен Қазақстанның азаматтық авиациясын 2050 жылға дейін дамытуға арналған мастер-жоспар әзірленіп жатыр.

Кездесу қорытындысында тараптар азаматтық авиацияның басым бағыттары бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және өзара іс-қимылды дамытуға дайын екенін растады.

Барлық жаңалық