Әлеуметтік желіде сүндет тойда айтылған бата тарап, елдің ашуына тиді деп хабарлайды Ozgeris.info.
Желі қолданушылары үлкен кісінің қол жайып айтқан сөздерін тым әдепсіз деп бағалап, наразылықтарын білдірді.
«Дап-дардай адам осылай бата бере ме?», «Масқара, батаны қор қылды», «Балаға осындай бата бере ме екен?», «Үлкендердің түрі осы ғой, жастардан не күтеміз?», «Ұят-ай, өнегелі сөз айтудың орнына айтып тұрған сөзін қара», «Батаның да киесі бар», «Жауапқа тартсын», – деп жазды көпшілік.