Шоу-бизнес

"5 жыл бұрын басталды": Танымал блогер анасының қазасына не себеп болғанын айтты

"5 жыл бұрын басталды": Танымал блогер анасының қазасына не себеп болғанын айтты

7 қыркүйекте көпшілікке отбасылық әзіл-қалжыңымен таныс блогер Нұргелді анасынан айырылғанын хабарлаған еді. Бүгін ол анасының өмірден не себепті өткенін айтты, деп хабарлайды ozgeris.info. 

"Ассалаумағалейкум, достар. Өкінішке қарай, өткен жұмада анамыздан айырылдық. Көптеген адамдар әлеуметтік желіде не болғанын сұрап жатыр. Сол үшін қысқаша бөлісейін. 5 жыл бұрын анамызға қатерлі ісік диагнозы қойылған болатын. Осы уақыт ішінде біз қолдан келгеннің бәрін жасадық: ем-дом алдық, шетелге де барып көрдік. Бірақ бәрі бір Алланың қолында екен, анамызды арамыздан алып кетті. Сіздердің жылы сөздеріңіз бен дұғаларыңызды оқып отырмын, барлығыңызға алғыс айтамын. Айтарым — ата-ана, жақындарыңыздың қасында көбірек уақыт өткізіңіздер. Өмірдің қадірін біліп, өздеріңізді де күтіңіздер", – деді ол желідегі жазбасында.

Барлық жаңалық