Қоғам

Украина дроны атқылаған: Нижнекамск қаласында 7 Өзбекстан азаматы қаза тапты (ВИДЕО)

Украина дроны атқылаған: Нижнекамск қаласында 7 Өзбекстан азаматы қаза тапты (ВИДЕО)

Татарстандағы Нижнекамск қаласына украиналық дрондардың жасаған шабуылы салдарынан 13 адам қаза тапты, олардың арасында бір бала, Өзбекстанның жеті азаматы және Тәжікстанның екі азаматы бар, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Билік мәліметінше, тағы 70-тен астам адам зардап шеккен. Украина Қарулы Күштерінің Бас штабы Нижнекамскідегі мұнай өңдеу зауытына соққы берген. Украина қаза тапқандар туралы хабарламаларға қатысты пікір білдірген жоқ.

Қаза тапқандар саны жағынан бұл соғыс басталғалы бері Ресейдегі бір шабуылдың салдарынан болған ең көп адам өлімі тіркелген соққылардың бірі.

Татарстан басшысының баспасөз қызметі мен Нижнекамск мэрі Радмир Беляев қаладағы «өнеркәсіптік те, азаматтық та нысандар» ұшқышсыз аппараттардың жаппай шабуылына ұшырағанын хабарлады.

Республика басшысы Рустам Минниханов қаза тапқандардың нақты саны әлі белгісіз болған кезде-ақ Татарстанда аза тұту күнін жариялады.

 «Қаза тапқандар 13 адам. Дәрігерлердің көмегіне 75 адам жүгінді, 21 адам ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлады кейінірек оның баспасөз қызметі.

«Қаза тапқандардың арасында бала бар ол медициналық көмек жеткенше көз жұмған кішкентай қыз», - деп мәлімдеді журналистерге Татарстан Денсаулық сақтау министрі Альмир Абашев.

Биліктің мәліметінше, қаза тапқандар арасында Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтары бар. Өзбекстан СІМ хабарлағандай, Өзбекстанның жеті азаматы қаза тапқан. Тағы екі адам  Тәжікстан азаматтары.

Минниханов Өзбекстан мен Тәжікстан президенттеріне көңіл айту телеграммаларын жолдады.

Барлық жаңалық