2026 жылғы 20 маусымда сағат 15:08-де Түркістан – Шиелі учаскесінде, Шорнақ станциясы ауданында №7/8 Алматы-2 – Саратов қатынасындағы жолаушылар пойызының машинисі темір жолда қалған 5 жасар баланы басуға жол бермеді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
"Локомотив бригадасы 70 км/сағ болатын пойыз жылдамдығында шұғыл тежеуді қолданды, соның арқасында қайғылы жағдайдың алды алынды. Пойыздың кешігуі 4 минутты құрады. Темір жол учаскесі қоршаумен жабдықталған. Бала қауіпті аймақта ересектердің қарауынсыз болды. Локомотив бригадасының кәсібилігі мен қырағылығының арқасында қайғылы жағдайға жол берілмеді, – делінген хабарламада.
ҚТЖ ата-аналарды балаларды темір жолдар жанында қараусыз қалдырмауға және оларға темір жол көлігі объектілерінде қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіруге шақырады.