Жаңалықтар
Танымал актриса дүниеден озды
23.03.2025
340
Танымал ресейлік актриса Лариса Голубкина мен Кеңес одағының белгілі сатқыны, бұрынғы "КГБ" полковнигі Олег Гордиевский өмірден өтті, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
1964 жылы ГИТИС-ті тәмамдаған соң, Орталық академиялық Кеңес Армиясы театрының актрисасы болды. Лариса Голубкина ойнаған ең танымал фильмдер – "Гусарская баллада" және "Сказка о царе Салтане".
1977-1987 жылдары актер Андрей Мироновтың жары болған. Ресейлік Telegram-арналардың мәліметінше, актрисаның өліміне үшінші дәрежелі қан рагы себеп болған. 22 наурызда оның жүрегі тоқтады.
Қаңтар айында Голубкинаға дәрігерлердің шұғыл көмегі қажет болды. Ол онкологиялық ауру салдарынан күрт салмақ жоғалтып, төсек тартып жатқан еді.
Ал Ұлыбританияда 86 жасына қараған шағында Олег Гордиевский өмірден озды. Ол Кеңес Одағының ең танымал сатқындарының бірі, бұрынғы ұлттық қауіпсіздік комитетінің полковнигі, Британия барлау қызметінің құпия агенті болған.
The Guardian басылымының мәліметінше, Гордиевский Англияның Суррей графствосындағы үйінде қайтыс болған. Өлім себебі жарияланбағанымен, бұл оқиғаны коронер (өлімді арнайы зерттейді) мен терроризмге қарсы полиция бөлімшесі тексеріп жатыр. Дегенмен билік оның өлімін күмәнді деп санамайды.
Гордиевский Мәскеуде Ішкі істер халық комиссариаты (НКВД) қызметкерінің отбасында дүниеге келген. Ол Ресей Федерациясы сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітіріп, Кеңес одағының (КСРО) сыртқы барлау қызметі саналатын ұлттық қауіпсіздік комитетінің Бірінші бас басқармасына жұмысқа орналасқан. Кеңес Одағының агенті ретінде Дания мен Ұлыбританияда қызмет атқарған.
1972 жылы Копенгагенде британдық MI-6 агенттері оны өздеріне тартып, Гордиевский жылдар бойы Лондонға КСРО туралы құнды ақпарат беріп отырған. Кейбір БАҚ-тың бағалауынша, ол 1981-1983 жылдары суық соғыс ушығып тұрған кезде ядролық қақтығыстың алдын алуға үлкен үлес қосқан.
1985 жылы оны Лондоннан Мәскеуге кері шақыртып, күдікке ілінген. Бірақ Гордиевский Мәскеуден Ленинградқа, одан Финляндия шекарасына дейін қашып барып, британдық дипломаттардың көлігіне жасырын отырып, шекараны ешбір тексерусіз өткен. Кеңес билігі оны мемлекетке сатқындық жасады деп айыптап, сырттай өлім жазасына кескен. Бұл үкім КСРО тарағаннан кейін де күшін жойған жоқ.
2007 жылы Ұлыбритания патшайымы Елизавета II Гордиевскийді Ұлттық қауіпсіздікке қосқан үлесі үшін Әулие Михаил және Георгий орденімен марапаттады.
Ол бас барлау басқармасының полковнигі Олег Пеньковскийден кейін Батыс барлау қызметтеріне ең көп құпия ақпарат берген агент ретінде саналады. Пеньковский 1963 жылы шпионаж және Отанға опасыздық жасағаны үшін ату жазасына кесілген еді.
-
-
Бурабай жолындағы қауіпті сапар: видео түсірмек болған қыздар мен жүргізуші жазаланды09:05, 07 маусым 2026
-
Бүгін Қазақстан футбол құрамасы Армениямен кездеседі18:10, 06 маусым 2026
-
"Шіркін-ай, деп қарадым": Сәкен Майғазиев екінші әйел алғысы келгенін айтты16:07, 06 маусым 2026
-
-
-
-
20 жас - 6,67 млн теңге: БЖЗҚ жариялаған шек жұртты шошытты12:46, 06 маусым 2026
-
“Тұрсынбек алып беруге жарамаған”: Мөлдір Мұқанова көлікті болды11:48, 06 маусым 2026
-
Президент Швеция Короліне жеделхат жолдады11:39, 06 маусым 2026
-
"Шіркін-ай, деп қарадым": Сәкен Майғазиев екінші әйел алғысы келгенін айтты16:07, 06 маусым 2026
-
“Тұрсынбек алып беруге жарамаған”: Мөлдір Мұқанова көлікті болды11:48, 06 маусым 2026
-
Президент Швеция Короліне жеделхат жолдады11:39, 06 маусым 2026
-
20 жас - 6,67 млн теңге: БЖЗҚ жариялаған шек жұртты шошытты12:46, 06 маусым 2026
-
-
-
-
Бүгін Қазақстан футбол құрамасы Армениямен кездеседі18:10, 06 маусым 2026
-
Бурабай жолындағы қауіпті сапар: видео түсірмек болған қыздар мен жүргізуші жазаланды09:05, 07 маусым 2026
-
-
"84 млн қарызы бар": Байырбекова ұлының үлкен сынаққа тап болғанын айтты (ВИДЕО)09:49, 05 маусым 2026
-
-
"Бұрынғы әйелі ме": Жұмабек Жанықұлдың отбасымен түскен суреті тарады (ФОТО)15:41, 01 маусым 2026
-
-
-
"Алланың лағнеті болсын!": Қазақстандық әжей "Кешью" тобын қарғады (ВИДЕО)12:40, 03 маусым 2026
-
"Айгүлдің өзін итерем..н депті": Заңгер танымал кәсіпкердің сұмдығын жария етті15:03, 02 маусым 2026
-
-
"Очко жинамай-ақ қойшы": Ләйлә Сұлтанқызы Мөлдірді қорғаймын деп сынға қалды10:54, 02 маусым 2026
-
Интим видеосы тараған Хан тамада темір торға түсті17:39, 02 маусым 2026
-
-
-
-
"Әкесімен жасты ғой": Гүлнұр Оразымбетова күйеуінің 70 жасын тойлады (ВИДЕО)10:02, 28 мамыр 2026
-
-
"Жеңгеміз сұлу екен": Нұрлан имам өзінің отбасын көрсетті (ФОТО)11:26, 14 мамыр 2026
-
-
"84 млн қарызы бар": Байырбекова ұлының үлкен сынаққа тап болғанын айтты (ВИДЕО)09:49, 05 маусым 2026
-
"Омырауынан сүйемін": Тоқтар Серіковтің сұхбатта айтқаны жұртты шошытты (ВИДЕО)09:51, 15 мамыр 2026
-