Танымал Ақтаулық блогер Салтанат осыдан біраз уақыт бұрын екінші рет тұрмыс құрған күйеуінен ажырасқанын жариялаған еді, деп хабарлайды ozgeris.info.
Бұған себеп экс-күйеуінің көзіне шөп салуы болған. Блогердің айтуынша, ол қонақүйлерге барып, өзге қыздармен төсектес болған. Осыдан бірер күн бұрын Салтанаттың өзі Асылжанның Ерғазы Әйгерім атты блогермен төсектес болғаны туралы қауесет желіде желдей ескен. Алайда бүгін экс-күйеуінің өзі видео түсіріп, мәлімдеме жасады.
"Мен туралы масқара әңгімелер болып жатыр екен. Мені Ерғазымен жатқызып тастапты. Маған жұрт хаттар, видео жіберіп жатыр. Оны мен бірінші рет көріп тұрмын. Өзім хабарласып, бірінші рет сөйлестім ол кісімен. Ондай нәрсе болған да жоқ. Әйгерім Ерғазының еш қатысы жоқ. Оның да ағайын-тумалары бар. Жақындары бар", - деді ол.
Алайда желі қолданушылары Асылжаннан шын мәнінде кіммен жатқанын сұрап, жағасынан алуда.
"Кіммен жаттың, Әшонтай. Айта ғой", "Кадрдың өзінде гостиницада жүрген сияқты", "Сені ренжіткені үшін мамаңа айт", "Төрт балаңды бағып үйіңде отыр", - деп жазды ол.